Нобель лауреаттары сыйақысын қалай жұмсады?

07.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Нобель сыйлығы – тек медаль мен мадақ қана емес, сонымен қатар қомақты қаржылай табыс. Қалай дегенмен де, аталған жүлденің қаржысы ниеттің де көрінісі екені анық.

Біреу оны ғылымға қаржы ретінде салады, тағы біреуі өнерге жұмсайды, енді біреуі туған-туысы мен отбасының қажетін өтеуге береді. 1 миллион доллардан асатын жүлде қаржысына тіпті кейбіреуі үлкен үй сатып алыпты. Ұлы физик Альберт Эйнштейн Нобель сыйлығын аларынан екі жыл бұрын – 1919 жылы-ақ оның ақшасын бұрынғы зайыбы Милева Маричке беруге уәде етіпті. Сыйлық қаржысы қолына түскеннен кейін ғалым берген уәдесінде тұрды. Ал ирландиялық қаламгер Сэмюэл Беккет (1969 жылғы сыйлық иегері) жүлде қаржысын дос­тарына таратып берген. Достықты биік бағалаған кісінің іс-әрекеті де осылай болатын шығар.

Ал ғылым саласы бойынша Нобель алған көптеген ғалым сыйлық ақшасын ғылым мен қоғам игілігіне жұмсауды жөн көріпті. Америкалық нейробиолог Пол Грингард анасының құрметіне Пёрл Мейстер Грингард атындағы жүлде қорын құрған. Ол биомедициналық зерттеулер саласындағы әйел ғалымдарды марапаттауға бағытталған. Сонымен бірге неміс биологі Кристиан Нюсляйн-Фольхард бала күтімі мен тұрмыстық көмек үшін әйел ғалымдарға грант беретін орталық ашқан. Америкалық космолог Джон Мазер астрономия және космология саласындағы студенттерге арналған стипендия бағдарламасын әзірлеген.

Аталған үлкен марапатты иеленген қаламгерлер сыйлық ақшасын қайда жұмсағаны туралы айталық. Альбер Камю Францияның бір бұрышынан жайлы үй алып, шығармашылықпен айналысыпты. Ал Юджин О’Нилдің Калифорнияда шығыс стиліндегі шығармашылық үй салдырғанын білдік. Осылайша, Нобель сыйлығының қаржысы иегерінің қалауына сай кәдеге жарайды.

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған қаржыға Тайынша ауруханасы жаңартылды

Экономика • Бүгін, 15:20

Қазақстан мен Хорватия серіктестігі нығаяды

Саясат • Бүгін, 15:05

Мұстафа Шоқайдың бұрын жарияланбаған фотосуреттері табылды

Жәдігер • Бүгін, 14:45

Израилдің батыс жағалауында 4G іске қосылды

Саясат • Бүгін, 14:00

Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты

Футбол • Бүгін, 13:35

Президент сұхбаты: мемлекет саясаты қалай өзгерді?

Саясат • Бүгін, 13:11

АҚШ Конгресі Венесуэлаға қатысты әрекеті үшін Трампты айыптады

Әлем • Бүгін, 12:40

Юто Кубо Қаршыға Дәуітбектің көзін шұқып алды

Спорт • Бүгін, 12:15

Диспансерлік есепте тұрған 1787 жүргізушінің көлік басқаруына шектеу қойылды

Қоғам • Бүгін, 12:03

Автожолдардағы бүгінгі ахуал қандай?

Оқиға • Бүгін, 11:37

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

Футбол • Бүгін, 11:26

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жаңа техника жұмысты жетілдіреді

Аймақтар • Бүгін, 10:50

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью