Нөмірді шүберекпен жауып, қамауға алынды Түркістан облысында жүргізуші жазаланды

09.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Түркістан облысында Toyota жүргізушісі автокөліктің мемлекеттік нөмірін әдейі матамен жауып қойғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Заңбұзушылықты Шымкент – Самара тасжолында жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтады. Сарыағаштан Түркістан бағытына қарай бара жатқан көлік тізгінінде Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны болған. Жиналған материалдар сотқа жолданды.

Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылды. Оған бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ жүргізушінің жыл басынан бері жол жүру ережесін алты рет бұзғаны белгілі болды.

Жалған нөмірлермен күрес

Еске сала кетейік, Қазақстанда жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек білдірді.

Депутаттың айтуынша, жалған нөмірлерді пайдалану мәселесі жаппай сипатқа ие болып, соңы ауыр салдарға соқтыруда.

"Бұдан көптеген адам зардап шегеді, тергеу барысында жол-көлік оқиғасын жасаған тұлғаның жалған мемлекеттік нөмір пайдаланғаны анықталатын апаттар өте көп", - деді Базарбек Мәжіліс отырысында.

Ол мұндай фактілер тек Алматыда емес, еліміздің басқа өңірлерінде де тіркеліп жатқанын атап өтті.

Бұл мәселе шынымен де жаппай сипатқа ие. Мәселен, "ҚазАвтоЖол" мәліметінше, жыл басынан бері еліміздегі ақылы жолдарда жалған, жасырылған, өзгертілген немесе оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін пайдаланудың 1942 жағдайы анықталған.

Мамандар мұндай автомобильдер туралы мәліметтер шара қолдану үшін бірден полиция қызметкерлеріне берілетінін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Қарағанды облысында қазақстандық нөмірді грузиялық нөмірмен жасырған жүргізуші ұсталды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью