Нормативтік актілер дәстүрлі құндылықтарды қорғау бағытында жетілдіріледі | Qazaq24.com
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
- Президент дәстүрлі құндылықтарды қорғау, неке және отбасы институтын нығайту, зиянды нәрселерді, ерсі қылықтарды насихаттауға тосқауыл қою қажеттігін атап өтті.
Әділет министрлігі мен барлық мүдделі мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіп, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге тиіс, - деді ол.
Олжас Бектенов Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және Абай облыстарындағы театрлар құрылысына қаржы бөліп, Алматы қаласындағы театрлардың күрделі жөндеуін биыл аяқтауды тапсырды.
- Мәдениет министрлігі биыл Қазақстанның бірқатар нысанын және Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО тізіміне енгізу рәсімін жүргізсін, - деді Үкімет басшысы.
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атаған.
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью
Читать новость