Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Норвегия қоғамдық орындарда ақылды көзілдіріктерге уақытша тыйым салу туралы заң жобасын енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Tengri Life.
Шектеулер саябақтарға, жағажайларға, мұражайларға, сауда орталықтарына, мектептерге, медициналық мекемелерге және бұқаралық іс-шараларға қатысты болуы мүмкін, деп жазды DW Telegram-арнасы.
"Біз адамдар бақылауда болуға дағдыланбаған жерлерде және оларды жасырын түрде фотоға немесе видеоға түсіріп алуы мүмкін деп қауіптенетін қоғамда өмір сүргіміз келмейді", - деді Норвегияның цифрландыру және мемлекеттік басқару министрі Торгейр Микаэльсен.
Заң жобасының бастамашысы - азшылық үкіметін басқаратын Жұмысшы партиясы. Ол заң жобасын "мүмкіндігінше тезірек" енгізуді жоспарлап отыр, бірақ оны қабылдау үшін басқа саяси күштердің қолдауы қажет болады.
Бұл шара Еуропада ақылды көзілдіріктерге, әсіресе Meta компаниясы шығаратын өнімдерге қатысты артып келе жатқан алаңдаушылық аясында талқыланған, делінген материалда.
Мәселен, Францияда балалар құқығын қорғаумен айналысатын e-Enfance ұйымы бұған дейін әйелдерді келісімінсіз түсіру туралы 20-ға жуық хабарлама алғанын мәлімдеген болатын. Бұл бейнежазбалардың кейбірі кейіннен әлеуметтік желілерде жарияланып, келемеж бен жеккөрушілік сипаттағы сөздерге себеп болған. Париж прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр.
Талапкерлер смарт-көзілдірік үшін ҰБТ-дан шеттетілді
580 мың теңгелік көзілдірік және цифрлық аватар: Meta болашақ гаджеттерін көрсетті
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу