Норвегия тақ мұрагерінің ұлы туралы кітап елде біраз шу шығарды

25.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Aschehoug баспасы шығарған кітап бірден көпшіліктің назарын аударды.

Корольдік сарай бұл кітапта жалған шағымдар мен пікірлер бар екенін айтты. Сондай-ақ полиция кітаптағы негізгі эпизодтардың бірін көпшілік алдында жоққа шығарды.

Кітапта Хёйби полицияның бақылауымен Ослоның орталық көшелерінің бірінде кокаин сатты деген мәлімет бар. Алайда Осло полициясы бұл ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарды.

— Біздің қызметкерлер оны есірткіні сатып жатқанын емес, өзі тұтынған күйінде байқаған, — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Полицияның айтуынша, Хёйбимен соңғы әңгімелесу оның есірткі саудасына қатысты емес, тыйым салынған затты тұтынуы мен өмір салтына байланысты болған.

Осыған қарамастан, Aschehoug баспасы даулы эпизодты алып тастаудан бас тартып, өз дереккөзіне сенімді екенін жеткізді. 

Хёйбидің адвокаттары жалған мәлімдемені кітаптан толығымен алып тастауды немесе полицияның ұстанымына қатысты ескертпе қосуды талап етті. Баспагер бұл ұсыныстан бас тартқаннан кейін адвокаттар Осло аудандық сотына кітапты таратуға уақытша тыйым салу туралы өтініш берді.

Ал Мариус Борг Хёйбидің өзі қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып қала береді. Тамыз айында оған зорлау, зорлық-зомбылық және қорқыту сияқты 32 бап бойынша айып тағылды. Сот процесі 2026 жылдың 3 ақпанында басталады және шамамен 6 аптаға созылады деп жоспарланған.

Бұған дейін Норвегия кронпринцессаның ұлы зорлық-зомбылық үшін жауапқа тартылатыны туралы хабарланды. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью