Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Тараз соты Норвегияда тұрақты тұратын екі әйелдің құқығын қорғады, деп хабарлайды қалалық сот.
Олардың әкесі 2024 жылғы қазанда қайтыс болған. Алайда қыздары әкесінің қайтыс болғанын тек төрт айдан кейін білген.
"Құжаттарды рәсімдеу барысында талап қоюшылар бірқатар қиындыққа тап болған. Нотариус мұрагерлердің тегі ағылшын тілінде көрсетілген сенімхаттарды қабылдаудан бас тартқан", – деп хабарлады сот.
Осыған байланысты нотариус оларға мұрагерлік құқығы туралы куәлік беруден бас тартқан.
"Сот шешімімен талап қоюшылардың мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтіріліп, олар әкесі қайтыс болғаннан кейін мұраны қабылдады деп танылды", – деді Тараз қаласының соты.
Сот шешімі заңды күшіне енді.