Норвегиядағы алапат өрт 100 ден астам үйді күлге айналдырды

18.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: DW

NRK медиакомпаниясының хабарлауынша, бір күн бұрын тұтанған өрт Крокстадельва елді мекеніндегі 100-ден астам тұрғын үйді жойып, жақын маңдағы орманға тараған.

Оқиға орнында 12 өрт сөндіру көлігі мен екі тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Қосымша тағы 4 өрт сөндіру тікұшағы жолда келеді.

Таиландтағы жантүршігерлік өрт: Көз жұмғандар саны 30-ға жетті

Өртке байланысты шамамен 400 жергілікті тұрғын эвакуацияланды. Он адам түтінге уланып, олардың екеуі ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ бір полиция қызметкері жеңіл жарақат алған.

Шілде айының басындағы аптап ыстық пен құрғақ ауа райының салдарынан Испания, Франция, Португалия және Грекияда да орман өрттері тіркелді. Табиғи апаттан ондаған адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын эвакуацияланды. Сонымен қатар мыңдаған гектар өсімдік жамылғысы жойылды.

Трамп Канаданы қорқытты: АҚШ президенті орман өртінің түтініне байланысты баж салығын енгізбек

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью