Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ол Индиан-Уэллстің екінші айналымында әлемнің 57-ракеткасы Камил Майхржакты 4-6, 6-1, 6-2 есебімен жеңді.
Бұл сербиялық теннисшінің осы санаттағы турнирде кем дегенде бір матчта жеңіске жеткен 22-рекордтық маусымы. Оның бұл сериясы 2005 жылы басталды.
Джокович бұған дейін Гаэль Монфис және Рафаэль Надальмен бірге кем дегенде бір Masters турнирінде жеңіске жеткен ең көп маусымды бөліскен.
Енді 24 дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы әлемнің 72-ракеткасы Александр Ковачевичпен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Новак Джоковичтің Аустралия чемпионатының ең жасы үлкен финалисі атанғанын жазған едік.