Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Энергетика министрлігі 5 сәуірде Новороссийск портында болған оқыс оқиғаға байланысты жағдайды бақылауда ұстап отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, аталған жағдай қазақстандық мұнай экспортының көлеміне әсер еткен жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда шикізатты магистральдық мұнай құбырлары арқылы қабылдау және тасымалдау штаттық режимде жүргізілуде. Экспорт жоспары кестеге сай орындалып жатыр.
Еске сала кетейік, Украина дрондары Новороссийск портына тағы да шабуыл жасады. Новороссийск мэрінің айтуынша, дрон қалдықтары көпқабатты тұрғын үйге түскен. 10 адам жарақат алды.