Нұрай ісі бойынша жаңа айып: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

04.02.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша жаңа дерек айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша жаңа дерек айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісовтің айтуынша, іс 5-тармақ, 2-бөлікке қайта сараланған.

"Іс 99-баптың 2-бөлігінің 5-тармағына –"аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" ретінде қайта сараланды", – деді адвокат.

Бұл баптың санкциясы 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе мүлкін тәркілеумен не тәркілеусіз өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.

"Кісі өлтіру", "алып қашу" және "сталкинг"

Осылайша, қылмыстық іс қазір бірден үш бап бойынша қаралып жатыр:

Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлік, 5-тармақ – аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру; Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы – неке қиюға мәжбүрлеу; Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы – сталкинг. Нұрайдың өліміне қатысты іс

Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды.

Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.

Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.

Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью