Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаровтың мәліметінше, сотта марқұмның отбасының мүддесін өзімен бірге адвокат Мұхаммеджан Ахметов қорғайды.
Алдын ала тыңдау барысында сот істің негізгі қарауға дайын екенін анықтайды. Сондай-ақ дәлелдемелерді зерттеу тәртібі мен сот процесінің алқабилердің қатысуымен өтетін-өтпейтіні шешіледі.
Нұрай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына өзгертілді
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 11 қаңтар күні кешке Шымкентте болған. 21 жастағы студент Нұрай Серікбай көптеген пышақ жарақатынан көз жұмды. Қатыгездікпен жасалған қылмысқа қызбен таныс болған 28 жастағы Шерхан Аймахан күдікті ретінде танылған. Ол шабуылдан кейін оқиға орнынан қашып кеткенімен, 13 қаңтарда полиция қызметкерлері оны Шымкенттен 10 шақырым жерде ұстады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті мамандандырылған медициналық мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілген болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғаны туралы хабарладық.