Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Оның айтуынша, тергеу амалдары аяқталып қалды және іс бойынша сот-психиатриялық сараптама нәтижесі шықты.
— Тергеуші қаулысымен сот-психиатриялық сараптама жүргізілді. Қазір оның нәтижелері алынды. Күдікті заң алдында ақыл-есі дұрыс тұлға ретінде жауап береді. Біз тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз, қазір аяқталу сатысында тұр, — деді Санжар Әділов Сенат кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Бұған дейін Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдіктінің мәжбүрлі психиатриялық емдеуге жіберілгені хабарланған еді.
Күдіктіге қатысты тергеу кісі өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг фактілері бойынша жүргізілген.