Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына өзгертілді. Бұл туралы марқұмның отбасылық адвокаты Аянхан Омаров әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қаралған болатын. Бұл бап 8 жылдан 15 жылға дейінгі түрме жазасын көздейді. Істің «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабы бойынша қайта саралануы күдіктіге берілетін жазаны айтарлықтай ауырлатады: енді оны 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына түрмеге кесу жазасы күтіп тұр.
Адвокаттың айтуынша, іс бойынша баптың өзгеруі жәбірленуші тараптың табанды жұмысы мен әділдікке қол жеткізуге талпынысының нәтижесі болды.
«Бұл – әділдікке жету жолындағы атқарылған жұмыстың қорытындысы», деді Аянхан Омаров.
Сондай-ақ адвокат Шымкент қалалық полиция департаментінің тергеу жұмысы бойынша жаңа тағайындалған орынбасары Ережепов пен тергеу басқармасының басшысы Құлмаханға істі формализмсіз, жан-жақты қарағаны үшін ризашылығын білдірді.
Жәбірленуші тараптың мәліметі бойынша, күдікті Нұрайға қысым көрсеткен. Қыз некелесуден бас тартқан соң, күдікті оны қудалап, кейін ерекше қатыгездікпен өлтірген. Осы жағдайдан кейін Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Алмасбеков пен оның бірінші орынбасары Құрманбек Сахов қызметінен босатылды.
Президент те жағдайға назар аударып, құқық қорғау органдарының әрекеттеріне принципті баға беру қажеттігін айтты және тергеудің әділ жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Соңғы жаңалықтар
Әлемдегі ең бай адам: Илон Масктың дәулеті 800 млрд доллардан асты
Әлем • Бүгін, 12:51
Ірі салық берешегі бар тұлғаларға елден шығуға тыйым салынады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қысқы Олимпиада ойындары: Ұландық спортшылар ел намысын қорғайды
Қысқы спорт • Бүгін, 12:12
Әлемдік мұнай өндіру өсіміне ықпал ететін елдер қатарында Қазақстан бар ма?
Экономика • Бүгін, 12:02
Дохада Қазақстанның Мәдениет күндері басталды
Қазақстан • Бүгін, 11:50
Павлодарда қанша адам онкологиялық ауруларға шалдыққан?
Аймақтар • Бүгін, 11:27
2025 жылы Қазақстан әлем елдеріне қанша тонна мұнай сатты?
Экономика • Бүгін, 11:18
Астанада заңсыз лотерея ұйымдастырған блогерлер үйқамаққа алынды
Қоғам • Бүгін, 10:54
Қосылған құн салығы дәрі-дәрмек бағасына әсер етпейді
Медицина • Бүгін, 10:49
Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесін әзірледі
Қоғам • Бүгін, 10:47
Велоспорттан Азия чемпионаты басталды
Спорт • Бүгін, 10:36
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 10:25
Теңге • Бүгін, 10:18
2027 жылға қарай электр энергиясына деген ішкі қажеттілік толығымен жабылады
Үкімет • Бүгін, 10:00
12,3 млрд теңге шығын: Түркістан жолдары неге мерзімінен бұрын бұзылған?
Аймақтар • Бүгін, 09:58