Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу ауқымы кеңейтіліп, қылмыстық іс жаңа баппен толықтырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Адвокат Аянхан Омаровтың мәліметінше, қазіргі таңда «Некеге тұруға мәжбүрлеу» дерегі бойынша да қылмыстық іс қозғалып, тиісті тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмысты жан-жақты әрі толық ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тарапынан арнайы комиссия жіберіліп, жедел-тергеу тобы құрылды. Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.
Аталған жағдай мемлекет басшысының жеке бақылауына алынған. Ұлттық құрылтай отырысында берілген тапсырмадан кейін Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы мен оның орынбасары қызметтерінен босатылды. Сонымен қатар жауапты полиция қызметкерлерінің әрекеттеріндегі салғырттық фактісі бойынша да жеке қылмыстық іс қаралып жатыр.
Қазіргі уақытта арнайы тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты зерделеп, қажетті тергеу әрекеттерін жүзеге асырып жатыр.