Нұрай Серікбайдың өлімі: туыстары барлық айыптың сақталуын талап етті

05.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс прокуратураға жолданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірақ жәбірленуші тарап тергеу барысында елеулі кемшіліктер болғанын айтып, істі қосымша тергеуге қайтаруды талап етіп отыр.

Қайтыс болған қыздың жақындары күдіктіге тағылған кейбір айыптар алынып тасталуы мүмкін деп қауіптенеді. Осыған байланысты олар Бас прокуратураға жүгініп, істі ерекше бақылауға алуды сұрады.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, іс материалдарымен танысу кезінде бірқатар сұрақ туындаған. Оның сөзінше, тергеу барысында берілген кейбір өтінішхаттар қараусыз қалған, сондай-ақ іс материалдарынан елеулі кемшіліктер анықталған.

«Барлық ескертуімізді прокурорға жолдаған шағымда көрсеттік. Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтарып, кемшіліктерді жоюды сұрадық. Дегенмен бүгінге дейін шағымымызға жауап алған жоқпыз», – деді адвокат.

Қазіргі таңда 28 жастағы күдіктіге «аса қатыгездікпен кісі өлтіру», «сталкинг» және «некеге тұруға мәжбүрлеу» баптары бойынша айып тағылған. Алайда жәбірленуші тарап прокуратура айыптаудан сталкинг пен некеге мәжбүрлеу баптарын алып тастауы мүмкін деп алаңдайды.

«Біз Бас прокуратурадан бұл істі жеке бақылауына алуды сұраймыз. Айыптау барлық үш бап бойынша сақталуы керек деп есептейміз. Прокуратура бекітетін айыптау алдағы сот процесіне тікелей әсер етеді», – деді Аянхан Омаров.

Еске салайық, қайғылы оқиға 11 қаңтар күні кешке болған. Тергеу дерегінше, Нұрай Серікбай үйінен дүкенге шыққан кезде оны танысы күтіп алып, күш қолданған. Кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Ол екі күннен кейін ұсталды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью