Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Нұрайды өлтірген Шерхан Аймаханның шағымын апелляциялық сот өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Шымкент соты.
Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шерхан Аймаханға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады.
Сотталғанның адвокаттары өз шағымдарында үкімді өзгертіп, Ш.Аймаханды Қылмыстық Кодекстің 125-1-бабының 1-бөлігімен "сталкинг" бойынша ақтауды, 99-бабының 1-бөлігімен "Адам өлтiру" бойынша кінәлі деп танып, оған қатысты әділ жаза тағайындауды сұраған.
Прокурор үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.
"Алқа істі қарап, бірінші сатыдағы соттың Ш.Аймаханның кінәлі екені туралы тұжырымдарымен келісті. Іс бойынша қабылданған сот үкiмiнiң күшiн жоюға не оны өзгертуге ҚПК-нің 433-бабында көрсетілген негіздер анықталмады. Сол себепті, 2026 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды", - дейді сотта.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Ш.Аймахан Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен "Аса қатыгездікпен адам өлтіру", 115-1-бабымен "Сталкинг - адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнату, аңду", 125-1-бабының 1-бөлігімен "Некеге тұруға мәжбүрлеу" бойынша кінәлі деп танылып, ол қылмыстар жиынтығымен түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленушің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян ретінде 25 млн теңге және адвокаттың қызметі үшін 5 млн теңге өндірілген.
Үкіммен келіспеген жәбірленушінің және сотталғанның адвокаттары апелляциялық тәртіппен шағым түсірді.
Жәбірленуші тарап өз шағымында моральдық зиянды 25 млн теңгеден 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды сұраған.