Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ол жарты жылдан бері өзін әлдебіреу мазалап жүргенін жеткізген.
Фото Әлеуметтік желіден- Тура Нұрайдың оқиғасы менің басымнан өтіп жатыр. Қызылордада тұрамын, полиция мен прокуратураға 2-3 рет арыз жаздым. Жүрген жерімде 102 шақырып қайтамын немесе жалғыз жүрмеймін. Прокуратура мұндай істі қарамайтынын айтып, полицияға ысыра салды. Ал полицияға бапты көрсетіп, сол адам туралы барлық деректі бердім. Аңдып жүрген фото, видео дәлел бар. Сонда да номенклатуралық іс деп жылы жауып қойды, - делінген жазбада.
Бұған байланысты Қызылорда облыстық полиция департаменті түсінік берді.
Фото Әлеуметтік желіден Фото Әлеуметтік желіден- Сталкинг дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелу барысы департамент басшылығының бақылауында, - делінген ведомство жауабында.
Сталкинг — заңнамаға сәйкес адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнатуға және (немесе) оны аңдуға бағытталған, зорлық-зомбылықпен ұштаспайтын, елеулі зиян келтіруге алып келген әрекеттерден көрінетін заңсыз қудалау. Полиция осындай деректер анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.
Айта кетейік, марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті ретінде 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.