Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия ойындарында күміс медаль иеленді

28.09.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Зілтемірші 95 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Нұрғиса жұлқа көтеруде 177 келіні, серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 394 келіні еңсеріп, күмістен алқа тақты.

Ирандық Али Алипур алтын медаль жеңіп алды - 398 (180+218) келі. Ал қытайлық И Ту қола медальға ие болды - 384 (179+205) келі.

Айта кетейік, бұған дейін Алексей Чуркин (85 келіге дейін) күміс алған еді. Сондай-ақ жеңіл атлет Аделина Земс Азия ойындарында күміс медаль еншіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью