Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Елордада студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары мен белсенді жастардың қатысуымен «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында диалог алаңы өтті. Жиын қорытындысында қатысушылар Қазақстанның Ата заңына енгізілетін өзгерістерді толық қолдайтындарын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ауыл партиясының баспасөз қызметі
Басқосу «Ауыл» партиясының орталық аппаратында өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси жаңғырулардың түйінді кезеңі саналатын жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланды. Диалог алаңы жастардың көзқарасын айқындап қана қоймай, реформалардың мазмұнына қатысты нақты ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңдағы өзгерістерді өңірлерде түсіндіреді
Жаңа құжаттың идеологиялық өзегі
Жиынды ашқан «Ауыл» партиясы Орталық аппарат басшысының орынбасары Нұрхат Ораш Конституция жобасының идеологиялық салмағына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Ата заң «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаттарын құқықтық деңгейде орнықтырады.
«Бұл құжат – жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес, бұл – «Әділетті Қазақстанның» жаңа философиясы. Жаңа Конституцияда Вице-президент институтын енгізу және Құрылтайдың жаңа архитектурасын қалыптастыру – билік сабақтастығы мен ұлттық басқару дәстүрінің заманауи үйлесімі», деді Н.Ораш.
Жастар демократиялық бағытты таңдады
Диалог алаңында Еуразия ұлттық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және Қазақ ұлттық спорт университетінің студенттік көшбасшылары сөз алып, реформаларға қатысты пікірлерін білдірді. Олардың айтуынша, жаңа Конституция адам капиталына, білім мен инновацияға басымдық беріп, жас буын үшін жаңа әлеуметтік лифтілер мен құқықтық кепілдіктер ашады.
Студенттік ұйымдар өкілдері бұл өзгерістерді елдің демократиялық бағытын айқындайтын, азаматтық қоғамды нығайтатын тарихи қадам ретінде бағалады.
ҚХП аймақтарда жаңа Конституция жобасын талқылауды жандандырды
Жиын барысында сарапшылар мен саясаттанушылар Д. Пірімбетов пен Е. Елемес бір палаталы Парламент пен партиялық жүйенің жандануы саяси мәдениетті жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті. Сондай-ақ Ата заңға өзгерістер енгізудің тек бүкілхалықтық референдум арқылы жүзеге асуы мемлекеттік тұрақтылықтың басты кепілі екені айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар жаңа Конституция өткенді таразылап, болашаққа нық қадам жасауға жол ашатын стратегиялық таңдау деген ортақ тұжырымға келді.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады
Соңғы жаңалықтар
Нұрхат Ораш: Ата заң жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес
Жастар • Бүгін, 16:48
Мемлекет басшысының Пәкістандық The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды
Президент • Бүгін, 16:38
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Марқұмның күйеуіне қатысты видео тарады
Оқиға • Бүгін, 16:29
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңдағы өзгерістерді өңірлерде түсіндіреді
Ата заң • Бүгін, 16:15
Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Роналду «Әл-Насрдан» мерзімінен бұрын кетуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:44
Алматыда ірі жол апаты болды: Такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған
Оқиға • Бүгін, 15:33
Өнер • Бүгін, 15:25
Оқушыларға мамандық таңдасатын ЖИ-агент іске қосылды
Білім • Бүгін, 15:11
Алматы • Бүгін, 15:02
Ресейден Қазақстанға өтетін газ құбыры қашан іске қосылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды
Аймақтар • Бүгін, 14:23
Ыстықкөлдегі курорттық нысандар қашан жаңғыртылады?
Сенат • Бүгін, 14:15
HUMAN-AI: Қазақстанның тағы бір жоғары оқу орны халықаралық жобаға қосылды
Білім • Бүгін, 14:08
Түркістан өңірінде заңсыз алтын өндірген 12 күдікті ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:01