Нұрлан Әбдіров: Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті

03.08.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмыстарына кіріскенін атап өтті.

«Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысына кірісті. Барлығы 10 400-ден астам сайлау учаскесі ашылды. Сайлауды ұйымдастыруға мүшелерінің жалпы саны 71 мың адамды құрайтын 10 600-ден астам комиссия тартылады. 4-17 тамыз аралығында біз Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен және аппарат қызметкерлерімен бірге еліміздің барлық 20 өңіріне инспекциялық сапарларға шығамыз. Осы сапарлар барысында сайлау учаскелерінің дайындығы, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, сайлаушыларды ақпараттандыру жұмысының ұйымдастырылуы, Call-орталықтардың қызметі бағаланады. Сонымен қатар, өңірлерге жасалатын инспекциялық сапарлар барысында аумақтық сайлау комиссияларының жұмысына, оның ішінде сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту барысына да ерекше назар аударылады», деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Өзге елді мекенде жүргендер қалай дауыс береді?

ОСК Төрағасы 7 тамыздан бастап әрбір сайлаушыға дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміндегі өзі туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі берілетінін еске салды. Егер қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, сайлаушы дереу учаскелік сайлау комиссиясына жүгіне алады. Мұндай өтініштер келіп түскен күні дереу қаралады.

Марафоннан ауылдағы кездесулерге дейін: Партиялар осы аптада сайлаушыларды немен таңғалдырды?

Еске сала кетейік, елімізде Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді. Сайлауға жеті саяси партиядан 546 кандидат ұсынылды. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью