Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: Ашық дереккөз
«Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып жатқан саяси партияларға үндеу жасағым келеді. Конституциялық сайлау құқықтарының іске асырылуы сайлау процесінің барлық кезеңінде, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін де қамтамасыз етілуге тиіс. Саяси партияларды осы талаптарды ескеруге шақырамын. Бұл сайлаушылармен кездесулер өткізілетін орындарға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге, жария іс-шараларды сурдоаудармамен сүйемелдеуге, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға партиялардың сайлау алдындағы бағдарламаларымен толық танысуға мүмкіндік беретін қолжетімді форматтағы үгіт материалдарын пайдалануға қатысты. Барлығымыз мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге жан-жақты қолдау көрсетеміз деп сенемін», деп Нұрлан Әбдіров саяси партияларға үндеу жасады.
Еске сала кетейік, елімізде Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.
ОСК Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындыларын шығарды