Нұрлан Бекназаров: Ұсынылған нормалар Құрылтайдың заң шығару процесі жедел, түсінікті және қоғам үшін ашық болуын қамтамасыз етеді

30.01.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар  азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғаудағы кепілдіктердің кеңейтілуін қамтамасыз етіп отыр. Сенатор бұл жөнінде Конституциялық комиссияның кезекті отырысында айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жобаның 52-бабына сәйкес ҚР Құрылтайы Қазақстан Республикасының заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілдік орган және оның өкілеттігі, қызметінің тәртібі депутатарының құқықтық жағдайы Конституциялық заңда айқындалады деп көрсетілген.

Бір палаталы Парламентке көшу аясында заң шығарушы органның өкілеттіліктері мұқият қайта қаралып, Құрылтайға қатысты кең ауқымды түзету жобасымен өкілеттіліктер кеңейту, тежеу мен мепе-теңдік жүйесін күшейту нақтыланды. Конституциялық реформа жөнінде комиссияның жүйелі және ең бастысы ашық жұмысының нәтижесінде жаңартылған Конституция баптарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар  азаматтарымыздың құқықтар мен мүдделерін қорғаудағы кепілдіктерін кеңейтілуін қамтамасыз етіп отыр.

Экономикалық және әлеуметтік өзгерістер қарқынды жүріп жатқан жағдайда заң шығару рәсімдерін шамадан тыс күрделілігі өмірілік маңызы бар заңдардың қабылдануын баяулатуы мүмкін.

Ұсынылған нормалар Құрылтайдың заң шығару процессін жедел, түсінікті және қоғам үшін ашық болуын қамтамасыз етеді. Яғни саяси жаңғыру бағытымен Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолында саяси жүйені жаңартудың Парламенттік бақылауды күшейтудің және заңнаманың сапасын арттырудың тиімті тетігіне айналады деп санаймын», - деді Нұрлан Бекназаров.  

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью