Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Имам TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасының төңірегінде қоғамның топтасуы қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол бұл пікірін қазіргі саяси өзгерістер мен алдағы референдумның маңызы туралы жазылушылардың сұрақтарына жауап беру кезінде білдірді.
Нұрлан Имам ең алдымен негізгі заң жобасын әзірлеп, халыққа түсіндіріп жатқан мамандар мен отаншыл азаматтарға сенім білдіру қажеттігін атап өтті.
«Жалпы, осы өзгерістерді халықтың алдына алып шығып, айтып жатқан азаматтарымыз – ең бірінші бұлар біздің мемлекетіміздің азаматтары, жарандары. Еліміздің келешегін, болашағын ойлаған елеулі азаматтар және соның мамандары деп есептеймін», деді ол.
Оның айтуынша, заң жобасын әзірлеушілердің мақсаты – елдің дербестігін сақтау және халықтың мүддесін қорғау.
«Бізге қианат ойлап, бізді алдап, біреудің иелігіне, біреудің меншігіне, біреудің қолының астына тәуелді қылып бергісі келмейтін арлы, ожданды, намысты, болашағын ойлаған
Мемлекет басшысынан бастап барлығы сондай азаматтар деп есептеймін», деп атап өтті Нұрлан Имам.
Сондай-ақ ол әрбір азаматтың референдумға қатысуының маңыздылығына тоқталып, мемлекет халықтың пікірін ескеретінін айтты.
«Сондықтан да осы жағдайды қабылдап, баршамыз бір ауыздан дауыс беріп, референдумға қатысып, еліміздің қажеттілігі, болашағы, уайымымызды ашық білдірген кезде, Мемлекет басшысының өзі оған зерделей қарап, айтылған сөздермен санасуды табыстағанын жақсы білесіздер. Демек, бұл – біз үшін, болашағымыз үшін өте маңызды қадам», деді қоғам қайраткері.
Нұрлан Имамның айтуынша, өзгерістер кезеңінде ел бірлігін сақтау және арандатушылардың жетегіне ермеу аса маңызды.
«Ойымызды еркін жеткізген кезде, кей кезде арандатушыларға, ортадағы ірткі салушыларға, пайда көрушілерге, яғни провокатор дейміз, ондайларға ілеспеуге шақырамын. Елімізге бір тері тамбаған, бір тиын салым салмаған азаматтардың, сөз сөйлеп, бір бірімізге айдап салып жатқан айдағына ерімеңіздер», деді ол.
Нұрлан Имам қазақстандықтарды бірлікке шақыра отырып, ел амандығын тіледі.
«Бірлікті болайық, тірлікті болайық. Ісіміз алға басып, еліміз аман болсын, ағайын!», деп түйіндеді сөзін Нұрлан Имам.
Соңғы жаңалықтар
Ассамблея жастары: Жаңа Конституция – болашақ ұрпақтың сенімді және тұрақты дамуының негізі
Ата заң • Бүгін, 21:03
Коалиция өкілдері Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті
Ата заң • Бүгін, 20:50
Үкіметте қаржы секторына салық салу мәселелері қаралды
Салық • Бүгін, 20:29
Сарапшылар жаңа Конституциядағы отбасы мен неке нормаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 19:37
«Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалы алдағы референдумды қолдайтынын білдірді
Референдум • Бүгін, 19:16
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Ауа райы • Бүгін, 18:43
Қарағанды облысының сарапшылары мен жастар көшбасшылары жаңа Конституцияны қабылдауды қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:20
Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 18:15
Халықаралық қауымдастық Конституциялық реформаның ашықтығын бағалады
Референдум • Бүгін, 17:56
Теңге неліктен нарықтағы бағаға әсер ете алмай отыр?
Қаржы • Бүгін, 17:50
Жапонияның Ұлттық күніне орай Астанада жапон салты орындалды
Мереке • Бүгін, 17:34
Президент UAE SWAT Challenge-2026 жарысының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 17:31
Әуе билетіндегі қате жазылған деректер қандай жағдайда тегін түзетіледі?
Қоғам • Бүгін, 17:21
Таза пайда 7%-ға өсті: Өсім бойынша қай банк көш бастап тұр?
Экономика • Бүгін, 17:12
Ақтөбе облысында жолды күтіп-ұстамаған 66 шенеунік жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:06