Нұрлан имам тағы да Ақ үйге барды

06.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

- Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда әдеттегі 74- ші Таңғы ас рәсіміне қатысуға келдім. АҚШ-президенті Дональд Трамп мырза өзі қатысатын ас биыл екі мыңдай әлем тұлғаларын жинайтын ерекше алқалы жиын. Жастарымыз білім мен ғылым, өркениет пен мәдениетке ұмтылып, имандылықпен ұштасқан салтымызды бекем ұстанса, биік шыңдарды бағындырып, жаһанның талай есіктері ашылатыны ақиқат, - деп жазды Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, 2024 жылы ақпан айында АҚШ президентінің қатысуымен Ақ үйде қайырымдылық асы өтті. Халықаралық шараға Қазақстаннан дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан қажы Байжігітұлы қатысқан еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью