Нұрлы жол Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

15.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: depositphotos.com

Компания өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, қайғылы жағдайдың 14 маусым күні кешке №57 Нұрлы жол – Орал бағытындағы жолаушылар пойызында, Курорт-Бурабай стансасына жетер алдында болғанын хабарлады.

Тасымалдаушының мәліметінше, вагон ішінде ер адамның кенеттен жағдайы нашарлаған. Жолсерік бұл туралы дереу пойыз бастығына хабарлап, кейін машинист арқылы жедел жәрдем бригадасы шұғыл шақырылған.

Таиландта бір айға жуық жансақтау бөлімінде жатқан Алексей Вивтоненко қайтыс болды

Марқұмның жұбайының айтуынша, ер адам жүрегіне жасалған операциядан кейін емханадан қайтып келе жатқан.

Дәрігерлер пойызға сағат 23:49-да келіп, жолаушыны тексерген, қан қысымын өлшеп, көктамыр арқылы екпе жасаған. Алайда көп ұзамай ер адам есінен танып қалған. Түнгі сағат 00:30-да медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын тіркеді.

Маңғыстауда мәслихат депутаты пластикалық операция кезінде қайтыс болды

Марқұмның мәйіті сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Көкшетау стансасында пойыздан түсірілді. Шұғыл медициналық және тергеу шараларына байланысты пойыздың қозғалысы 43 минутқа кешіккен.

Еске сала кетейік, сәуір айында Алматы – Ақтөбе бағытындағы №033 жолаушылар пойызында 60 жастағы ер адам көз жұмды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью