Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Алматы-1» вокзалының былтыр наурыз айында басталған қайта жаңғырту барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Үкімет
Жоба-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптама порталына жүктеу аяқталғаны туралы мәлімет берілді, бірақ ұйғарым алу 2026 жылдың 11 тамызына қалған.
«Үкімет басшысының Алматы-1 вокзалындағы жаңғыртудың барысын көру тапсырмасымен келгенде, «Қазақстан Темір жолының» жұмысындағы кемшіліктерді байқадық. Вокзалға жаз мезгілінде тәулігіне 12 мың, ал қыста 7 мыңға жуық жолаушы келіп-кетеді. Қазір оларға жыл он екі ай қолайсыз жағдай туындаған. Жоспарланған жұмыс соңына жетпей, жолаушылар қиындық көріп жатыр. Алып шаһарда орналасқан аса маңызды нысандағы жұмыс қарқыны мүлдем сын көтермейді. Жазғы демалыс маусымы басталатын уақыт болды. Сондықтан жұмысты жеделдету керек.
Еліміздің тарихында бір мезетте 121 вокзалды жаңғырту жұмыстары бұрын-соңды болмаған. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен қолға алынған осы маңызды жобаны сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру керек. «Қазақстан Темір жолы» басшылығына Алматы-1 вокзалындағы жұмысты тез арада аяқтауды тапсырамын. Қала әкімдігі жұмыс барысын, қарқынын күнделікті қадағалауы керек. Бұл мәселе Үкіметтің қатаң бақылауында», деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Бірінші вице-премьер мердігер компанияға жоба-сметалық құжаттаманы сараптамадан өткізу ісін жеделдетуді, жабдықтарды дер кезінде жеткізуді, қала әкімдігіне барлық жұмысты бақылауды тапсырды.
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды
Сондай-ақ Премьер-министрдің бірінші орынбасары Үлкен Алматы айналма автожолына қатысты мәселелерге де назар аударды. Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Олжас Шабданов трассаға 6 жерден радиалды жолдарды әкеліп қосудың құрылыс-монтаждау жұмыстары барысын баяндады. Бұл орайда қажетті жер телімдерін сатып алу және босатуға қатысты мәселелер бар. Мысалы, Сабатаев көшесіне дейінгі аумақта 410 жер телімінің тек 118-і ғана сатып алынған. Ал Ақын Сара көшесінің бойындағы 66 жер телімі түгел мемлекет меншігіне алынғанымен, жылыту маусымы кезінде жоғары кернеулі электр желісін сөндіру мүмкін болмағандықтан, 110 кВ тірек-бағандарды демонтаждау кейінге қалдырылған. Бұл учаскеде жұмыстар биылғы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған. Өзге радиалды жолдар бойынша да жұмыс жалғасып жатыр.
Мәселен, Алматы қаласы мен облысы арасындағы учаскелерде жұмысты бәсеңдетпеу үшін облысқа қарасты аумақта жер телімдерін сатып алу, жолдың жобалау құжаттарын әзірлеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге қала бюджетінен қаржы бөлінгені айтылды. Осы орайда шаһардағы жол-көлік жүйесін дамытуға қатысты Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бар екенін ескеріп, Алматының үлкен айналма күре жолындағы құрылыс жұмыстарын жеделдету туралы тапсырма берілді.
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Соңғы жаңалықтар
Алматы тауларында жарақат алған шетелдік турист құтқарылды
Құтқарушы • Бүгін, 10:10
АҚШ Иранға келіссөзді қайта бастау үшін жаңа талаптар ұсынды
Әлем • Бүгін, 10:00
Қазақстанда тексеру жабдықтарын шығаратын жаңа өндіріс ашылады
Өндіріс • Бүгін, 09:52
Алматыда нан бағасы бекітілді: Бір бөлке нан қанша теңге тұрады?
Алматы • Бүгін, 09:47
Павлодар алюминий зауытында төтенше жағдай болды: 2 жұмысшы зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 09:38
18 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:28
Қазақстанда 286 музей бар: 4,5 миллионнан астам жәдігер сақталған
Мәдениет • Бүгін, 09:19
Зеленскийдің жұбайына қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 08:46
«Қайрат» көш бастап тұр: Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры қорытындыланды
Футбол • Бүгін, 08:33
25 адам құтқарылды: Көкшетауда паром көлдің ортасында тұрып қалған
Оқиға • Бүгін, 08:15
Ауа райы • Бүгін, 08:00
LRT-ны тоқтатқан жолаушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Президент бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Кеше
АҚШ-та дүлей дауыл 60 миллион адамға қауіп төндіріп тұр
Әлем • Кеше
Қазақстан тарихының алтыншы томы бекітілді
Руханият • Кеше