Нұртөре Жүсіп: Қазақтан да Илон Маск шығады

17.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Фото: Ашық дереккөз

Оның пікірінше, әлемге жаңашылдығымен танылған Илон Масктың табыс жолын зерттеу маңызды болғанымен, Қазақстаннан да ауқымды ойлайтын, ғылым мен технологияда серпіліс жасайтын тұлғаларды танытуға басымдық берілуі тиіс.

Сонымен қатар ол бұл жұмыстар тек кітап жазумен шектелмелмей, деректі фильмдер, сериалдар мен білім беру жобалары да көбірек жасалуы қажет екенін айтты.

«Адам армандап, қиялдай білуі керек. Мысалы, қазір бір ғана Илон Масктың өзін алып қараңызшы. Осыдан 5-6, 10 жыл бұрын электрокарлар, болмаса Марсқа ғарыш кемесін ұшырып, зерттейді деп кім ойлады?! Маск адамзат көшінде бір өзінің жасаған идеясына жақында ғана 76 млрд доллар инвестиция құйып отыр. Айтқан сөзіне, оның ұсынған жобасына Америка, Қытай қолдау білдіріп келеді. Қазір ғарышты, Айды игеруге де әлем елдері, адамзат баласы қызығушылық танытып отыр», деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы әлемдік деңгейдегі туристік орталыққа айналады

Қоғам қайраткері Қазақстанның бұл бағытта зор әлеуетке ие екенін де атап өтті.

«Біздің Байқоңырымыз тұр. Ғарыш саласын оқып, зерттеп жүрген жастарымыз да баршылық. Қазір қазақ мойнын бұруы керек. Өйткені, ертең технологиясына ие болып, ашық тұрған кеңістіктерді меңгеріп, қазақ ұлты кіруі керек», деді Нұртөре Жүсіп.

Қытай ғарыш саласында жаңа жетістікке қол жеткізді

Еске сала кетейік, бұған дейін 17 жастағы қарағандылық Әлихан Ғатаулин халықаралық ғарыш компаниясында Күн белсенділігін зерттеу бөлімінің жетекшісі атанғанын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью