Нұржан Батырбеков пен Алинур Қуатұлы Азиаданы жеңіспен бастады

01.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан алғашқы жүлде жиынтықтары сарапқа салынып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

69 келідегі Алинур Қуатұлы да алғашқы кездесуінде Сейя Фукушимадан (Жапония) басым түсті.

2023 жылғы Азиада чемпионы, 69 келідегі Нұржан Батырбеков 1/8 финалда Оңтүстік Корея спортшысы Жаейонг Лиге еш мүмкіндік бермеді. Есеп: 8:2.
Одан бөлек, 62 келідегі Абдулла Батырбек те 1/8 финалда Байонгжун Янгтан (Оңтүстік Корея) 2:0 есебімен басым түсті.
Осы салмақта тағы бір отандасымыз Батыр Теңізбай БАӘ өкілі Омар Әлсувайдидан 0:2 есебімен есе жіберді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью