Нұржан Нысанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының Азия чемпионатына дайындығын айтып берді

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бұл жөнінде бас бапкер Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты.

— Құрлықтық додаға елімізде әзірлікті жоғары деңгейде өткізе алдық. Бірқатар мемлекет былғары қолғап шеберлерімен бірлескен оқу-жаттығу жиыны болды. Дайындық барысында олармен үш мәрте жекпе-жек ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде ұлттық құрама спортшыларын жасақтауға мүмкіндік алдық. Улан-Батор қаласына келгенімізге бірнеше күн болды. Сол арқылы боксшылардың жергілікті климатқа бейімделу кезеңіне ойдағыдай өткізілді. Шәкірттерім алдағы жекпе-жектерге тас-түйін дайын. Олардың арасына алты әлем чемпионы бар екенін айта кетейін. Қай-қайсысы да біріншілік барысында жақсы нәтиже көрсеткісі келеді. Құрлықтық додаға барлығы 22 мемлекет боксшылары қатысады. Бас бапкер ретінде мен үшін бұл — алғашқы үлкен жарысым. Барлығымыз ажуапкершілік жүгін сезінеміз, — деді Нұржан Нысанов.

Бас бапкер Нұржан Нысанов негізінен тәжірибелі былғары қолғап шеберлеріне сенім артты.
Олардың қатарында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью