NVIDIA Қытай нарығына қайта оралуы мүмкін

01.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Американдық технология алпауыты Энвидиа ((NVIDIA)) Қытай нарығына қайта оралуы мүмкін.

Компанияның бас директоры Дженсен Хуанг Ақ үй экспортқа рұқсат берсе, жаңа блэквелл ((Blackwell)) сериясындағы чиптер Қытайда сатылуы мүмкін екенін айтты. Бұған дейін Вашингтон ұлттық қауіпсіздікке қауіп төніп, жасанды интеллект технологиялары әскери мақсатта қолданылуы мүмкін деп, компанияның озық микросхемаларын жеткізуге шектеу қойған еді. Хуангтың сөзінше, бұл шаралар Қытайдағы бизнесті күрт әлсіреткен. NVIDIA-ның нарықтағы үлесі 95 пайыздан нольге дейін құлаған. Компания Қытай нарығына қайта кірсе, өндіруші жыл сайын 35–50 миллиард доллар табыс табады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью