Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Компанияның бас директоры Дженсен Хуанның атап өтуінше, Nvidia компаниясы АҚШ үкіметінен H200-ге экспорттық лицензияларын алып, тапсырыстар қабылдай бастады. Ол өндіріс бірнеше апта бұрын қайта жанданғанын және жеткізу тізбектері қайтадан қарқын алып жатқанын қосып өтті.
Қытайдағы H200 чиптерінің сатылымы NVIDIA компаниясының Blackwell және Rubin AI чиптерінен түсетін кірісі 2027 жылдың соңына дейін 1 трлн доллардан асатыны туралы болжамына кірмеген.
Еске сала кетсек, өткен жылы Nvidia алдыңғы буын Hopper архитектурасына негізделген H200 чипінің өндірісін тоқтатты. Бұған АҚШ пен Қытайдағы әкімшілік кедергілердің артуы себеп болды.
Осыған дейін Nvidia 2026 жылдың ақпанында Қытайға ЖИ чиптерін жеткізе бастайтынын хабарлаған болатынбыз.