Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстандықтар арасында танымал Вьетнамның Нячанг курортында Khanh Hoa Travel Assistance жаңа онлайн-сервисі іске қосылды. Туристер бұл сервис арқылы төтенше жағдайда көмек сұрап, жергілікті ережелермен таныса алады және сұрақтарына жауап ала алады, деп хабарлайды Tengri Travel Khanh Hoa-ға сілтеме жасап.
Сервисті қалай пайдалануға болады?
Жаңа сервис қыркүйекте Нячанг орналасқан Кханьхоа провинциясында іске қосылды.
Платформаны пайдалану үшін туриске қосымша орнатудың қажеті жоқ. Әуежайда, қонақүйде немесе басқа да туристік орындарда QR-кодты сканерлеу жеткілікті. Осыдан кейін сервис тікелей браузерде ашылады.
Платформа бес тілде жұмыс істейді: вьетнам, ағылшын, қытай, корей және орыс тілдерінде.
Сервис арқылы не істеуге болады?Платформада туристер Вьетнамда болу ережесі, жол қозғалысы және тіркелу туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ онда қауіпсіздік және жеке заттарды қорғау бойынша кеңес берілген.
Төтенше жағдайларға SOS функциясы қарастырылған. Мысалы, оны паспорт немесе жүк жоғалғанда, жол апаты болғанда немесе басқа да төтенше жағдай туындағанда қолдануға болады.
Сервис полицияға қажетті мәліметтерді, суреттерді және туристің орналасқан жерін жіберуге мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, адам вьетнам тілін білмеген жағдайда көмек сұрауды жеңілдетпек.
Сонымен қатар платформада виртуалды көмекші бар. Ол ресми ақпаратты пайдалана отырып, туристердің сұрақтарына жауап береді.
Бұған дейін Вьетнамда шетел азаматтарының келуі туралы алдын ала хабарлау жүйесі — Pre-arrival Information (PAI) іске қосылған болатын. Оның көмегімен саяхатшылар елге алдағы сапары туралы ақпаратты сапарға дейін-ақ онлайн түрде жібере алады.
Тағы оқыңыз: 2026 жылғы күзде Жапонияға баруға ең қолайлы күндер аталды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу