Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Үндістан астанасы Нью-Делидегі қонақүйдің жертөледегі мейрамханасында шыққан өрт салдарынан кемінде 21 адам көз жұмды.
NDTV хабарлауынша, өрт жергілікті уақытпен таңғы 08:50 шамасында бес қабатты қонақүйдің цоколь қабатындағы мейрамханадан басталған. Сол кезде ғимаратта шамамен 40 адам тұрған.
Оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру бригадасы жіберілді. Көптеген қонақтар өрт басталған сәтте ұйықтап жатқан. Құтқарушылар көптеген адамды эвакуациялап үлгергенімен, алдын ала деректер бойынша 21 адам қаза тапты.
Өрттің себебі әзірге анықталған жоқ.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди әлеуметтік желіде қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Бүгін, 13:15