Объективке ілінген ақжарқын бейне

19.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мына суретке қараңызшы, Ташкент пойы­зының алдында емен-жарқын күліп тұрған қазақ әйелінің бейнесі тұр. Бұл суретті швей­цариялық саяхатшы, жазушы, фотограф Элле Майларт түсіріпті. Әттең, объективке ілінген ақжарқын бейненің аты-жөнін жазбапты. Кім біледі, газет бетіне шыққан осы жазбадан кейін біреуден біреу естіп, көріп оның ұрпақтары танитын болар...

Өмірі шытырман оқиғаларға толы Элле Майларт кезінде біздің даламызға да ат басын бұрыпты. Ол  Жерорта теңізінен Тибетке, Бейжіңнен Кашмирге дейін саяхат жасап, рухани ізденіс пен қиын жолдарды бастан өткереді. Өткен ғасырдың 30-жылдарының басында Орталық Азияға жасаған сапары оның өміріндегі ең елеулі оқиғаға айналды. Моңғолия өңірі, Өзбекстанның Ташкент, Самарқан, Бұхара қалаларын аралап жүргенде фотоаппарат нысанасына осы бір қазақ әйелі ілініпті.  Оның көзіне ұлттық киім киіп, қамсыз күйде күліп тұрған бейне тым әдемі көрінген болар. Сол сапарында Майларт түйе­мен Арал теңізінің шы­­ғы­сындағы Қызылқұм шөлін кесіп өткенін де білдік.

«Жалғыз Түркістан» кітабында Майларт қазақ даласындағы көш­пелі өмірді, қырғыз бүр­кіт­ші­лерін, кеңес одағының құпия органдарымен кез­десулерін сипаттайды. Ол сапарында көзімен көрген халықтың тұрмысын, дәс­түрін, көшпелі малшы­лардың күн­делікті тіршілігін суреттейді. Мысалы, Қызыл­құмдағы қазақ әйелдері шағын стансада самаурынмен су сатып, отбасы қамын ойлағанын Майларт қағазға түсірген.

Элла ханым түсірген осы бір суреттен кешегі күнгі ұлттық киімдеріміздің стилі  қандай болғанын аңдай аламыз. Суреттегі ақжарқын бейне жинақылықтың, ибалылықтың үлгісін көрсетіп-ақ тұр. 

Майларт аталған кітабында тарихи деректерді де келтіріп, қазақ жерінің төл атауын,  жергілікті халықты, олардың дәстүрін қағазға түсіруден жалық­пайды. Сырдарияның үлкен иірімдері мен жер бедерін, әрбір елді мекеннің ерекшелігін картадан қарап, нақты көрсетеді. Ол сапар барысында жергілікті адамдардан мәдени және тұрмыстық ақпарат жинап, қазақтардың күнделікті тіршілігін, сауда-саттық пен отбасы өмірін егжей-тегжейлі баяндайды.  Майларттың сапарнамасы тек жеке зерттеу ғана емес, Батыс оқырманы үшін қазақ даласы мен Орталық Азия­ның мәдениетін таныс­ты­рушы еңбек болғаны анық.

Элле Майларт 1997 жылы 94 жасында қайтыс болды, артында көптеген ғылыми және көркем еңбектер қалдырды. «Жалғыз Түркістан» – оның Түркістан аймағындағы сапарын, халықтың тұрмысын, қазақ даласының бай табиғатын бейнелейтін еңбегі. 

Соңғы жаңалықтар

Көктайғақ, боран және аяз: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:34

Қысқы Олимпиада: Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады

Қысқы спорт • Бүгін, 09:24

Ораза кезінде қандай тағамдарды шектеу керек?

Денсаулық • Бүгін, 09:13

Көпбалалы отбасыларға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:05

Балық өсіру – бәсі жоғары шаруашылық

Кәсіпкер • Бүгін, 09:00

Экономикалық аймақ іске кірісті

Экономика • Бүгін, 08:55

Уайым

Қоғам • Бүгін, 08:50

Әлемді ізгілікке шақыратын ай

Дін • Бүгін, 08:45

Дананы сомдаған Хәкімжан

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Жақұт тастың зергері

Өнер • Бүгін, 08:35

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды

Ата заң • Бүгін, 08:33

Қағазбастылық қашан жойылады?

Білім • Бүгін, 08:30

Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп

Саясат • Бүгін, 08:28

Білім саласының білгірі еді

Тұлға • Бүгін, 08:25

Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті

Саясат • Бүгін, 08:22

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью