Өгей қызын зорлаған : Маңғыстауда ер адам өзін атып өлтірді

28.01.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Белгілі болғандай, 1984 жылы туған азамат 20 қаңтар күні атылып өлген. Ал 24 қаңтар күні полицияға 13 жастағы қыз балаға жыныстық зорлық жасалғаны туралы арыз түскен. КТК дерегіне сүйенсек, тексеру барысында өзіне қол салған өгей әкенің осындай айуандыққа барғаны анықталған. Марқұм соңғы уақытта еш жерде жұмыс істемепті. Бұрын сотты болмаған. Сондай-ақ психиатрия және наркологияда есепте тұрмаған.

"Полиция ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі – кәмелетке толмағанды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кәмелетке толмағанның құқығы мен заңды мүддесін қорғау қамтылады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді",- делінген ақпаратта. Әйгерім Ибадуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы:

Бұған дейін Жамбыл облысында мерзімді әскердегі сарбаз қару ұстау кезінде жарақат алып, көз жұмғанын жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью