Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ыстанбұлда оғыздардың тарихи және мәдени мұрасына арналған «Оғыз феномені: Ұлы даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық ғылыми конференция мен көрме өтті. Іс-шараға Сенат депутаты Руслан Рүстемов те қатысты.
Сурет: basnews.kz
Конференция Қызылорда облысы әкімдігінің, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қатысуымен Түрік және ислам өнері музейінде ұйымдастырылды. Конференция жұмысына қазақстандық және түркиялық ғалымдар, сарапшылар мен мәдениет қауымдастығының өкілдері қатысты.
Конференцияда сөз сөйлеген сенатор ортақ тарихи мұраның маңыздылығын атап өтіп, түркі әлемінің қалыптасуындағы оғыз өркениетінің ерекше рөліне тоқталды.
«Түркі халықтарын ортақ тарихи тамырлар, тіл, мәдениет және рухани құндылықтар біріктіреді. Оғыз мұрасының орны бөлек, өйткені қазіргі Қазақстан аумағынан басталған үдерістер Анадолыдағы мемлекеттіліктің қалыптасуына тікелей әсер етті. Бүгінде Қазақстан мен Түркия тарихи бірлікке сүйене отырып, стратегиялық серіктестікті нығайтып, тұрақты іс-қимылдың үлгісін көрсетіп отыр», деп атап өтті Руслан Рүстемов.
Сенатор сондай-ақ мұндай іс-шараларды өткізу түркі әлемінің рухани бірлігін нығайтуға және ортақ тарихи-мәдени мұраны сақтауға септігін тигізетінін жеткізді. Оның айтуынша, оғыз тақырыбы ғылыми зерттеулер мен гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып қала береді.
Археологиялық зерттеулерге, соның ішінде Жанкент қалашығын зерттеуге, сондай-ақ музей инфрақұрылымын дамыту және тарихи-мәдени мұра нысандарын халықаралық деңгейде ілгерілету жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.
Қорытындылай келе, қатысушылар елдер арасындағы ғылыми диалогті дамыту және мәдени байланыстарды нығайту үшін мұндай алаңдардың маңыздылығын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
Қаржы • Бүгін, 09:13
Ғылым • Бүгін, 08:45
Көрме • Бүгін, 08:43
Таным • Бүгін, 08:40
АҚШ-Иран: Уақытша мәміле бейбітшілікке бастаса игі
Әлем • Бүгін, 08:35
Дәулескерлер туралы тың ізденіс керек
Ғылым • Бүгін, 08:30
Оралда көпір құрылысы басталады
Құрылыс • Бүгін, 08:25
Өнер • Бүгін, 08:23
Ақылы жол: Тариф өсті, сапа қайда?
Мәселе • Бүгін, 08:20
Пікір • Бүгін, 08:15
Кіріс артып, инфляция төмендеді
Инфляция • Бүгін, 08:10
Оғыз өркениетін ұлықтаған көрме
Саясат • Бүгін, 08:08
Туристік маусымға әзірлік жайы талқыланды
Туризм • Бүгін, 08:05
Сенатор Моңғол елшісімен кездесті
Саясат • Бүгін, 08:02
Халықаралық қаржы ұйымдарымен серіктестік нығаяды
Саясат • Бүгін, 08:00