Ойымдағы дүниенің бәрін жасай алмадым... : Жүрсін Ерман өмірдегі өкінішін айтты (видео)

12.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақын Жүрсін Ерман "Таңшолпан" бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ақын шығармашылықта көкейінде жүрген дүниенің барлығын жасай алмағанын жеткізді.

«Ойымда болған дүниенің бәрін жасай алмадым. Бес жылдан бері өлең де жазбаймын. Денсаулыққа байланысты тоқырап қалдым. Өлең деген жүректің оты ыстық кезде ғана жазылады. Қолымнан келгенінше жаздым кезінде.  25-ке жуық кітап шығардым. Соңымнан ерген шәкірттерім де көп. Кейін жастар айтысты дамытып, әрі қарай алып кетсе деген тілегім бар», - деді ақын Жүрсін Ерман.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью