Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

2026 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Оңтүстік Африка заңгері Наванетхем Нави Пиллайға берілді. Ол өз мансабын адам құқықтарын қорғауға және халықаралық құқықты дамытуға арнаған. Соғыс қылмыстары, адамзатқа қарсы қылмыстар және геноцид істері бойынша сот процестеріне қатысқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz Нобель комитетіне сілтеме жасап.

Апартеидпен күрестен халықаралық соттарға дейін

Нави Пиллай Оңтүстік Африканың Дурбан қаласында дүниеге келген. Ұлты - оңтүстікафрикалық үнді (тамил). Оның жастық шағы елдегі нәсілдік сегрегация мен кемсітушілік жүйесі - апартеид дәуіріне тұспа-тұс келді.

Ол заңгер болып, кемсітушілік пен теңсіздікке қарсы шықты. Мансабының басында Пиллай Нельсон Мандела мен апартеидке қарсы басқа да тұлғаларды қорғады.

Кейін ол халықаралық сот жүйесінде негізгі бірқатар лауазым атқарды. Пиллай Оңтүстік Африка Жоғарғы сотының, Руанда бойынша халықаралық қылмыстық трибуналдың және Халықаралық қылмыстық соттың судьясы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқарды.

Таяуға дейін Пиллай БҰҰ-ның Палестинадағы жағдайды тергеу жөніндегі тәуелсіз халықаралық комиссиясын басқарды. Қазір ол БҰҰ Халықаралық сотында Мьянма геноцид жасады деп айыпталған іс бойынша судья болып отыр.

Оның жұмысы халықаралық құқыққа қалай әсер етті?

Пиллай жұмысының маңызды бағыттарының бірі Руандадағы геноцид кезінде жасалған қылмыстар бойынша сот процестері болды. Нобель комитеті оның қосқан үлесі зорлау мен сексуалдық зорлық-зомбылықты адамзатқа қарсы қылмыс, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда геноцид нысаны ретінде тану үшін үлкен маңызға ие болғанын атап өтті.

Осы процестің аясында алғаш рет айыпталушыға үгіт-насихат таратқаны үшін геноцидке итермеледі деген айып тағылды.

Комитет Пиллайдың халықаралық құқықтың мүмкіндіктерін кеңейтуге және ауыр қылмыстарға кінәлілерді жауапқа тартуға арналған институттарды нығайтуға көмектескенін атап өтті.

Сыйлықты Пиллайға бере отырып, комитет әлемдік қоғамдастықты халықаралық сот төрелігін қолдауға және мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің негізі саналатын қағидаттарды қорғауға шақырды.

2025 жылы Нобель сыйлығын кімдер алды?

Еске сала кетейік, 2025 жылы бейбетшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Мария Корина Мачадо болды. Ослодағы Нобель комитеті оның "Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын ілгерілетудегі зор еңбегін" атап өтті.

Комитет Мачадоның Венесуэла оппозициясының негізгі тұлғасына айналғанын айтты - бұған дейін ол оппозиция бытыраңқы болған кездегі негізгі біріктіруші көшбасшылардың бірі болған. Бұдан бөлек, оған сыйлық зорлық-зомбылық қаупіне, қысымға және жасырыну қажеттілігіне қарамастан шегінбей, Венесуэлада қалып, миллиондаған адамға жігер бергені үшін берілді.

Тағы оқыңыз: 2026 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын Энн Карсон алды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью