Ол қайда кетпекші? Нағима Есқалиев әнші Роза Рымбаева туралы пікірін айтты (ВИДЕО)

05.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Танымал әнші, ұстаз Нағима Есқалиева өнердегі әріптесі Роза Рымбаева туралы ой-пікірін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналист Тимур Балымбетов әнші Нағима Есқалиевадан: "Неліктен Роза Рымбаева кейінгі кездері сахнадан кету туралы жиі айтып жүр?" – деп сұрады. 

"Жынды ма ол? Ол қайда кетпекші? Пугачеваның өзі жүз рет кетіп, жүз рет келген. Ол немересімен ұзаққа отыра алмайды. Ол сахнасыз өмір сүре алмайды. Бұл оның өмірі. Мен оны қаншама мәрте ұстаздық етуге шақырғам. Бірақ ол келіспеді. Ол біздің академияда ұстаздық етсе, біраз студенттің бағын ашар еді. Өте керемет педагог болатын еді", – дейді Нағима Есқалиева.

Еске сала кетейік, биыл Роза Рымбаева өнерде жүргеніне 50 жыл толуына байланысты есеп беру кешін өткізбекші. Әншінің айтуынша, бұл оның сахнадағы соңғы концерті болуы мүмкін.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью