“Олар алаяқ емес, жол ашушылар“. Жаңабыловтардың адвокаты сотта сөз сөйледі

22.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін сот жарыссөзі кезінде олардың адвокаты Гауһар Айтжанова сөз сөйледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін сот жарыссөзі кезінде олардың адвокаты Гауһар Айтжанова сөз сөйледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айтжанова өз қорғауындағы азаматтарды алаяқ деп санауға болмайтынын мәлімдеді.

"Менің қорғауымдағы азаматтар алаяқ емес, олар осындай қылмыстық іс бойынша алғашқылардың бірі болып отыр", - деді адвокат.

Ол Жанәбіловтердің Қылмыстық кодекстің 214-бабы ("Заңсыз кәсіпкерлік") бойынша кінәсін мойындағанын, алайда қылмыс жасау ниеті болмағанын еске салды.

Адвокат егер оның қорғауындағы адамдар қылмыстық немесе тіпті әкімшілік жауапкершілік туралы білгенде, ұтыс ойындарын өткізбейтін еді деді.

"Егер олар өздерінің жауапқа тартылуы мүмкін екенін білсе, мұны істер ме еді? Үш баласы бар ерлі-зайыптының сотталушылар орындығынан бір-ақ шығатынын түсіне отырып, бұл қадамға саналы түрде барғанын елестету мүмкін емес", - деп уәж айтты қорғаушы.

Ол сондай-ақ сотталушылардың отбасы жағдайын атап өтіп, олардың асырауында үш бала, қарт әжесі мен ата-анасы бар екенін айтты.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына кінәлі жүргізуші туралы не белгілі?

24 наурыз 13:04 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді

31 наурыз 16:22 1

"Іс сотқа дейін жетпеуі мүмкін еді"

Сонымен қатар адвокат Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың журналистерге берген пікіріне сілтеме жасады. Оның айтуынша, төраға Жанәбіловтердің ісі қылмыстық сипат алмауы мүмкін екенін айтқан.

Гаһхар Айтжанованың айтуынша, егер оның қорғауындағы адамдар басында-ақ әкімшілік құқықбұзушылық бойынша кінәсін мойындап, айыпқа қарсылық білдірмегенде, іс сотқа жетпеуі мүмкін еді.

"Уәкілетті органның өзі: егер олар кінәсін мойындаудан бас тартпағанда, қылмыстық іске дейін жетпес еді деп отыр. Бүгін олар сот алдында тұрмас еді", - деді ол.

Бүгін, 22 сәуірде Астана сотында сот тергеуі аяқталды. Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша жарыссөз барысында прокурор оларды 4 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Еске сала кетейік, 14 сәуірде сотта блогер Эльмира Төлегенова кінәсін ішінара мойындады. Бұған дейін процесс барысында блогер Ерболат Жанәбілов жауап берген болатын. Ол да сотт кінәсін ішінара мойындап, жалып жіберді.

"Мен неге дәл біз екенін түсінбеймін. Бұл ата-анамызға өте ауыр тиіп жатыр. Мен түсінбеймін: бәлкім, біреудің жолын кескен шығармыз? Менің орнымда кез келген адам болуы мүмкін. Бүгін болмаса, ертең. Мен тіпті жауларыма да мұндай жағдайға тап болып, сот алдында тұруды тілемеймін", - деді ол.

Блогер Жанәбіловтердің соты

16 наурызда Астанада елордалық блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша сот процесі басталды. Ерлі-зайыпты сот отырысы кезінде журналистердің фото мен видеоға түсіруіне қарсы шықты.

Бұған дейін сотта прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаев айыптау актісін оқыды. Онда акциялар аясында көрсетілген ұтыстар пен сыйлықтар қатысушылардың ақшасына сатып алынғаны, алайда жарнамада ұтыс қоры ұйымдастырушылардың өз қаражаты есебінен қалыптасқандай көрсетілгені айтылды. Тергеу мәліметі бойынша, акциялар өткізілген кезеңде жобамен байланысты есепшоттарға 247 миллион 653 мың теңге түскен.

Айта кетейік, блогерлер заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша айыпталып отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью