Оларды чипсымен тамақтандыра ма? Ботаникалық бақ тоғанындағы өлген үйрек астаналықтардың ашуын туғызды

05.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Желіде елордалық Ботаникалық бақ тоғанындағы өлі үйректің суреттері тарады, толығырақ - Tengri Life материалында.

Әлеуметтік желідегі жазба

Кадрларды елорда тұрғыны бөлісті. Видеодан тоғандардың біріндегі қоқыс арасында жатқан өлі үйректі көруге болады.

Скриншот: Threads

Жарияланым 40 мыңға жуық қаралым жинады. Пікір қалдырушылар қоқыстың көптігіне ашуланып, үйректердің тағдырына алаңдаушылық білдірді. Кейбіреулер құстарға чипстер мен нан беруге болмайтынын еске салып, келушілерді демалыстан кейін өз артын жинап жүруге шақырды.

"Ботаникалық бақта пикник ұйымдастыратындар - қараңыздар. Үйде де демалып, тамақтануға болады". "Үйректерді қорғау үшін не істеуге болады? Оларға чипстер, нан береді". "Үйрекке не болды? Ол өзі өлді ме, әлде өліміне адамдар кінәлі ме?" "Бұл балапандар жаздың басында ғана туып еді". "Адамдар, неге қоқыс тастайсыздар?" Әкімдік не дейді?

Оқиғаға қатысты Есіл ауданының әкімдігіне хабарластық. Ондағылар тоғанның тазартылғанын хабарлады.

"Су айдынындағы тұрмыстық қоқыс - кейбір келушілердің бақ аумағындағы тәртіп ережелерін сақтамауының салдары. Кейбір адамдар демалып кеткен соң пластик бөтелкелер, қаптамалар, майлықтар, пакеттер және басқа да қалдықтар қалады", - деді аудандық әкімдіктегілер.

Әкімдік мұндай әрекеттер ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша "ұсақ бұзақылық" ретінде саралануы мүмкін екенін ескертті.

Үйректің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ баспасөз қызметі Ботаникалық бақ аумағында пикник ұйымдастыруға тыйым салынғанын айтты. Бұл жасыл желектерді, ландшафтты және аумақтың тазалығын сақтау қажеттілігімен байланысты.

Тағы оқыңыз: Астанада ерекше кеміргіш видеоға түсіп қалды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью