Олардың тарихи құндылығы жоқ: ШҚО да тұрғындар зират үстінен салынып жатқан ауруханаға наразы

25.04.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Шығыс Қазақстан облысында  ескі зираттың үстінен аурухана салынып жатыр. Бұны білген тұрғындар шенеуніктерден құрылысты тоқтатуды талап етуде, - деп хабарлайды Aikyn.kz

"КТК" арнасының мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха қаласында аудандық аурухананың инфекция бөлімшесінің жаңа корпусының құрылысы басталған. Алайда жер телімі ескі зираттың үстінен түскен.

Бірақ тұрғындар бұл қорымға өткен ғасырда жұқпалы індеттен көз жұмған адамдар жерленгенін айтады. Олар құрылыс алаңынан шыққан топырақ арасынан ондаған адамның сүйегін тауып алған. Сондықтан тұрғындар аурухана құрылысына үзілді-кесілді қарсы.

Ал шенеуніктер табылған адам сүйектері далада қалмай, шариғат заңымен қайта көмілетінін айтып отыр.

"Әр жылдары бұл аумақта құрылыс жүргізілді. Соның ішінде аудандық ауруханада салынды. Мұндай жағдайлар бұған дейінде кездесті. Полицияның қортындысы бойынша табылған сүйектер қайта жерлеуге жатады. Олардың тарихи құндылығы жоқ"- дейді ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің маманы Қымбат Мұхамадиева.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью