Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Әнші Роза Әлқожа адам өмірінің мәні туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, адам орта жасқа жеткенше еңбек етіп, ары қарай соның жемісін көруі керек. Өнер иесі қанша жасқа келсе де, әлі өмірде үйренері көп екенін атап өтті.
«Адам өмірінің жартысына дейін бәрін жасап үлгеріп қалуы керек екен. Ары қарай еңбегіңнің жемісін көресің. Демаласың, саяхаттайсың. Шамамның келгенінше, мүмкіндігім болғанынша әрекет еттім. Бір жерде қалағаным болған шығар, бір жерде болмаған шығар?! Бір жерде біреуді қуантқан шығармын, бір жерде ренжіткен шығармын, білмеймін бұл өмір. Мен де пендемін. Мен де қателесемін. Бастысы бар жағдайда шынайы болуға тырыстым. Бастысы, бәрін әдемі жасауға тырыстым. Ал болмаған болса, қанша жамап-жапсаң да өзі үңірейіп тұратын жер болады екен. Қанша тартсаң да жарыққа баспайтын жандар болады екен. Мейлі. Біз бәріміз Алланың құлы ғанамыз. Адам мәңгі ақылды болмайды екен. Әсте-әсте жинағаның бір пәсте шашылып қалатын кез болады екен. Сондықтан да толықтай ешкім мұсылманмын деп те, данамын де мақтана алмайды екен. Бұл өмір ахиреттің егіндігі болса, өмір-ұстаз күн сайын шәкірт етеді, өлгенше сабақ алып өтеді екенсің. Алла тағаланың берген әр сәтіне шүкір! Алланың берген бар нығметіне шүкір! Жақсы сөзбен жақсылардың жанында, жақсы күндерде жарқырап жүре берейік!» – деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.