Өлім жазасына дайынмын : Сұлтан Сәрсемәлиев қайын жұртын не үшін өлтіргенін айтты

18.05.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Атырау облысының Жангелдин ауылында болған бір отбасының төрт мүшесінің қазасына қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысында күдікті қандай жаза түрі болса да арқалауға дайын екендігін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Тергеу деректеріне сәйкес, айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев өз әйелінің туыстарын – қайын атасын, қайын енесін, сондай-ақ әйелінің ағасы мен әпкесін өлтірді деген күдікке ілінген. Ол сот отырында қылмыс жасауына ұзақ жылдар жалғасқан отбасылық жанжал себепкер болғандығын айтты.  

«Мен соңына дейін отбасымды сақтап қалуға тырыстым. Әйеліммен он жыл бірге тұрдық. Егер арамызда сыйластық пен байланыс мүлде болмағанда, осынша уақыт бірге өмір сүрмес едік. Осы уақыт ішінде мен отбасым үшін еңбек еттім, балаларымды өсіруге, үйдің жағдайын жасауға барымды салдым. Алайда уақыт өте келе отбасымызға сырттан араласулар көбейді. Әйелімнің туыстары балалар арқылы қоқаң-лоққы жасай бастады», деді күдікті сот отырысында. 

Сондай-ақ ол ата-енесін қасақана өлтіргенін де мойындап, өлім жазасына да келісетіндігін жеткізді. 

«Мен балаларымды анасынан да, әкесінен де, туған әжесінен де ажыратқым келген жоқ. Керісінше, олардың толыққанды отбасында өскенін қаладым. Бірақ соңғы уақытта барлық күш-жігерім таусылып, психологиялық тұрғыдан қатты шаршадым. Сондықтан маған жасалған қылмыстарға қасақана қастандықпен жауап бердім. Осы жасаған әрекетім үшін барлық жаза түріне – өмір бойы бас бостандығынан айыруға да, өлім жазасына да дайынмын», деді С.Сәрсемәлиев. 

Бұған дейін күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің қылмысты бір уақытта емес, кезең-кезеңімен жасағанын жазған едік. Бірінші оқиға мамыр айында тіркелсе, қалған үш адам қараша айында қаза тапқан. Қылмыстың ауырлығына байланысты күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар

Африкада Эбола індетінен 88 адам қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 13:55

Емханаға тіркелу ережесі жаңарады: Министрлік жаңа жоба ұсынды

Медицина • Бүгін, 13:32

Францияда Эпштейн ісіне қатысты шағымдар көбейді

Әлем • Бүгін, 13:25

«Банктер ипотекалық бағдарламаны қысқартуы мүмкін». Сарапшы тағы қандай тәуекелдерді айтты?

Құрылыс • Бүгін, 13:05

Қазақстанның көмірі қанша ғасырға жетеді?

Энергетика • Бүгін, 13:01

Алматының бірнеше ауданында жарық өшеді: Кесте қандай?

Алматы • Бүгін, 12:57

Nvidia-ның табысы Германия экономикасынан асып түсті

Технология • Бүгін, 12:45

Қазақстанның халықаралық резервтерде қанша алтыны бар?

Экономика • Бүгін, 12:38

Жұлдыз Сүлейменова жаңа орынбасарын таныстырды

Тағайындау • Бүгін, 12:25

Зеленский кеңсесінің бұрынғы басшысы қамаудан босап шықты

Әлем • Бүгін, 12:19

«Музей түні»: Қазақстанда ерекше мәдени кеш қалай өтеді?

Музей • Бүгін, 12:09

Ұлттық құрама шабуылшысы РПЛ турында үздік атанды

Футбол • Бүгін, 12:00

Илон Маск Францияда қамауға алынуы мүмкін

Әлем • Бүгін, 11:55

Сауалнама: Жастардың 90%-ға жуығы ел дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды

Қазақстан • Бүгін, 11:47

Атыраудағы отбасының өлімі: Атышулы іске қатысты сот отырысы басталды

Қылмыс • Бүгін, 11:32

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью