Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр

28.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстанда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) таралу қаупі әлі де сақталып отыр. Бұл – иксод кенелерінің шағуы немесе жұқтырылған жануарлардың қанымен байланыс арқылы берілетін жедел вирусты әрі аса қауіпті ауру, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (архив)

Санитариялық-бақылау комитетінің мәліметінше, ауру еліміздің Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында жиі тіркеледі. Кенелердің белсенділігі наурыз айынан басталып, мамыр-маусым айларында шарықтау шегіне жетеді.

Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді

Қауіп тобына мал шаруашылығында еңбек ететін азаматтар, эндемиялық өңір тұрғындары және науқастармен тікелей байланыста болатын медицина қызметкерлері кіреді. Бұл топ өкілдері ауру жұқтыру қаупіне көбірек ұшырайды.

Мамандардың айтуынша, аурудың инкубациялық кезеңі 2-14 күн аралығында өтеді. Алғашқы белгілері – 39-40 °C дейінгі жоғары температура, бас ауруы, қалтырау, бұлшықет пен буындардың сырқырауы. Кейінгі кезеңдерде қан кету белгілері пайда болуы мүмкін.

Дәрігерлер дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, аурудың өлімге әкелуі ықтимал екенін ескертеді.

Кене энцефалитінен қалай қорғану керек?

Мамандар алдын алу шараларын қатаң сақтаудың маңызын атап өтеді. Атап айтқанда, табиғатта болғанда репеллент қолдану, денені кенеге үнемі тексеру, қорғаныш киім кию және малды арнайы өңдеуден өткізу ұсынылады.

«Кене шаққан жағдайда өз бетінше әрекет етпей, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет», делінген ресми хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр

Қоғам • Бүгін, 18:04

Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 17:55

Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған

Оқиға • Бүгін, 17:40

Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29

Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?

Қазақстан • Бүгін, 17:11

Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді

Оқиға • Бүгін, 16:59

Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады

Қоғам • Бүгін, 16:37

Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды

Қоғам • Бүгін, 16:22

Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?

Қоғам • Бүгін, 16:17

60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты

Ғылым • Бүгін, 16:03

19 елдің ішінен дара шықты: Қазақстандық оқушылар Литвада өткен білім бәйгесінде топ жарды

Зерде • Бүгін, 15:42

«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі

Медицина • Бүгін, 15:22

Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды

Президент • Бүгін, 15:03

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды

Әлем • Бүгін, 14:51

Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью