Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Алғашқы жарыс күні үш медальдар жиынтығы сарапқа салынып, 5 ел спортшылары жүлде еншіледі.
Италия спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте көш бастады.
Ал екінші орындағы Швеция құрамасы қоржынында 1 алтын және 1 күміс медаль.
Үздік үштікті Швейцария құрамасы түйіндеді. Олардың қоржынында осы Олимпиада ойындарының алғашқы алтын медальі бар.
Сонымен қатар, норвегиялық спортшылар 1 күміс және 1 қола жүлде еншілесе, Канада құрамасы қоржынына 1 қола жүлде түсті.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін қазақстандық Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина шаңғы спортынан жарыс жолына шықты.
Конькимен жүгіру жарысында Надежда Морозова 6-орын иеленді.