Олимпиада 2026: Михаил Шайдоровтың жеңіске жетуінің сыры неде

15.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Михаил Шайдоров Олимпиада тарихында қалды

Неміс басылымы DW Шайдоровтың жеңісін сенсация деп жариялады.

Басылымның хабарлауынша, Шайдоров тарихта үштік аксель-төрттік тулуп комбинациясын орындаған алғашқы мәнерлеп сырғанаушы.

Америкалық Slate онлайн журналының хабарлануынша, Михаил Шайдоровтың өнері мамандарды таң қалдырды. Себебі оның бағдарламасы тарихта төрттік аксель жасай алатын жалғыз спортшы Илья Малининды (АҚШ) жеңуі қиын еді.

- Мәнерлеп сырғанау сарапшылары Шайдоровтың уақыты келе жатыр деп болжаған. Бірақ Крис Шлейхер атап өткендей, бұл уақыт 2026 жылы емес, 2030 жылы келуі керек еді,- деп атап өтті басылым.

Фото: Сәли Сабыров

Olympics.com сайтының тілшісі Лена Смирнованың жазуынша, Михаил Шайдоров үштік және төрттік секіру комбинациясын орындаудың негізін қалаушы.

2024 жылдың қараша айында Шайдоров ресми жарыста үштік Аксель-төрттік тулуп комбинациясын орындаған алғашқы спортшы болды. Оның маңыздылығы – мәнерлеп сырғанаушы комбинацияда екінші секіру ретінде төрттік секіруді сәтті орындаған алғашқы жағдай.

Олимпиадада жеңіске жетуінің сыры неде?

Смирнованың айтуынша, комбинациялық секіру қазақстандық спортшының басты ерекшелігі. Бұл оның жеңіске жетуінің басты себебі. Себебі, ол тарихтағы алғашқы «үштік аксельден бір эйлер және төрттік сальхау» суперкомбинациялық секірісті сәтті аяқтаған мәнерлеп сырғанаушы атанды. Бұл техникалық элемент жоғары бағаланып, 21.39 ұпай еншіледі.

Айта керелігі, Михаил Шайдоров бәсекеде төрттік тулуп-үштік тулуп комбинациясын сәтті орындап, 17.92 ұпай алса, үштік лутц-екілік аксель- SEQ комбинацясын да сәтті орындап шықты.

Жалпы алғанда 12 техникалық элементтің ішінде бес рет төрттік секіруді сәтті орындады. Осылайша, оның техникалық бағалауы 114.68 ұпайды құрады.

Фото: Olympics.com сайтынан скрин

Михаил Шайдоров жарыстан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында осы техникалық элементтерді жасау үшін көп дайындалғанын айтты.

- Жарыстарда бес бірдей төрттік секіруді шамамен үш рет орындап көруге тырыстым, бірақ бірде-бір рет сәтті шықпады. Ал бүгін бәрі сәтті орындалды. Сәті түсіп, қолымнан келді,- деді спортшы.

Сондай-ақ, қазақстандық спортшы бағдарлама компоненттерін орындауда 83.96 ұпай еншіледі. Бұнда төрешілер негізінен көркемдік ерекшелікке баса мән береді.

Осылайша, Михаил Шайдоровтың қысқа бағдарламадағы 92.94 ұпайын қоса есептегенде, жалпы нәтижесі 291.58 ұпайға бағаланып, ең жоғары жеке көрсеткішін жаңалады.

Фото: Сәли Сабыров

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Шайдоровтың жеңісі Қазақстан құрамасының 2026 жылғы қысқы Олимпиадасындағы алғашқы жүлдесі. Сонымен қатар ұлттық құрама араға 32 жыл салып өз тарихында қысқы спорт түрлерінен екінші алтын медальды қанжығалады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью