Олимпиада 2026: қазақстандық конькимен жүгірушілер сынға түсті

09.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Әйелдер арасында 1 000 метрге жүгіру сынында ел намысын Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Кристина Силаева қорғады.

Қортындысында, Морозова 1 минут 16.00 секундта мәре сызығын кесін, 14-орынан көрінді. Сондай-ақ Голубева 19-орын, ал Силаева 28-орынды қанағат тұтты.

Фото: Сали Сабыров

Бұл сында Нидерланд спортшылары алдарына жан салмады. Әуелі Фемке Кок 1 минут 12.59 секунд нәтиже көрсетіп, Олимпиада рекордын жаңартты. Алайда келесі кезекте жарыс жолына шыққан оның отандасы Ютта Лердам 1 минут 12.31 секунд көрсетіп жаңа Олимпиада рекорды орнады. Жапониялық спортшы Михо Такаги қола медаль еншіледі.

Оcыған дейін хабарлағанымыздай, Надежда Морозова әйелдер арасында конькимен 3 000 метрге жүгіру бәсекесінде 6-орын алған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью