Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алдағы қысқы Олимпиада қарсаңында Қазақстандағы қысқы спорт түрлерінің жай-күйі назарға ілікті. Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында басталатын XXV қысқы Олимпия ойындарына елімізден 36 спортшы аттанып, 13 спорт түрі бойынша бақ сынамақ. Төрт жыл ішінде олардың дайындығына бюджеттен 13,3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл қаржының нақты қайтарымы ақпан айының соңында белгілі болады. Ал әзірге ресми статистикаға сүйеніп, елдегі қысқы спорттың жалпы даму бағытына көз жүгірттік, деп сараптайды Egemen.kz.
XXV қысқы Олимпия ойындары қарсаңында жарияланған Туризм және спорт министрлігі деректері 2022 жылдан бергі үш жылда қысқы спортпен жүйелі түрде шұғылданатын отандастарымыздың жалпы саны айтарлықтай өзгермегенін көрсетеді. Олимпиадалық 13 және бір олимпиадалық емес қысқы спорт түріне қатысушылар саны 158,4 мың адам деңгейінде қалған. Өсім небәрі 1,2 пайыз. Бұл жаңа спортшылардың жаппай келуінен гөрі, бір спорт түрінен екіншісіне ауысу үрдісін аңғартады.
Сандық құрылым екі негізгі тенденцияны айқындайды. Біріншісі – шаңғы мен сноубордқа байланысты спорт түрлеріндегі айқын төмендеу. Үш жыл ішінде шаңғы спорты мен сноубординг секцияларынан 9,5 мың адам кеткен. Соған қарамастан, шаңғы жарысы қысқы спортпен шұғылданушылардың шамамен 46 пайызын қамтып отыр. Теріс динамикадан биатлон мен фристайл ғана ішінара тыс қалған.
Қысқы спортпен шұғылдану үшін балаларға барлық жағдай жасалған ба?
Екінші тенденция – хоккейдің, әсіресе шайбалы хоккей мен олимпиадалық емес допты хоккейдің танымалдығының артуы. Бұл спорт түрлерінде спортшылар саны 5,8 мың адамға немесе 13,6 пайызға көбейген. Мамандар мұны соңғы жылдары хоккейге деген жанкүйерлік қызығушылықтың өсуімен және соның нәтижесінде балаларды секцияларға беру сұранысының артуымен байланыстырады.
Жекелеген спорт түрлеріндегі өсім ерекше назар аударады. Биатлонмен айналысушылар саны 64,1 пайызға, кёрлингте 65,1 пайызға, допты хоккейде 37,5 пайызға артқан. Сондай-ақ мәнерлеп сырғанау (25,4%), фристайл (30%) және шорт-трек (11%) бойынша да оң динамика байқалады. Бұл көрсеткіштер ел азаматтары арасында қысқы спорттың кейбір түрлері біртіндеп сұранысқа ие бола бастағанын аңғартады.
Ел спортшылары қысқы Олимпиада ойындарында қандай киім үлгісімен өнер көрсетеді?
Сонымен бірге, елде әлі де мардымсыз дамып келе жатқан бағыттар бар. Соның бірі – ски-альпинизм. Тауға шаңғымен көтерілу, жылдам түсу және альпинистік дағдыларды біріктіретін бұл спорт түрімен елімізде бар-жоғы алты адам ғана айналысады. Ресми дерекке сүйенсек, Қазақстанда ски-альпинизмнің бір ғана секциясы бар, онда жалғыз жаттықтырушы жұмыс істейді.
Қазақстан телеарналары қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
Қорыта айтқанда, Олимпиада қарсаңында Қазақстандағы қысқы спорттың дамуы біркелкі емес екенін байқауға болады. Бірқатар бағытта өсім бар, алайда инфрақұрылым мен бұқаралық тартылыс әлсіз спорт түрлері де жеткілікті. Жұмсалған миллиардтардың нақты нәтижесі медаль санымен ғана емес, осы саланың ұзақ мерзімді дамуына қосқан үлесімен өлшенуі тиіс.
Соңғы жаңалықтар
Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32