Олимпиада чемпиондары Михаил Шайдоров төңірегіндегі дауға байланысты пікір білдірді

29.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің айтуынша, олимпиадалық цикл аяқталғаннан кейін жаңа дайындық кезеңі басталады. Сондықтан жаңа келісімшарт қажет болады. Бұл құжат спортшының оқу-жаттығу жиындарына қатысуына, халықаралық жарыстары мен дайындық процесіне жұмсалады.

«Олимпиададан кейін біз мемлекет тарапынан қарастырылған жүлделі орындарға арналған марапаттарды аламыз. Марапат тіпті алтыншы орынға дейін тағайындалады. Олимпиадаға дейін мен келісімшартқа қол қойдым, Олимпиададан кейін де келісімшартқа қол қойдым», дейді Серік Сәпиев.

Ал Париж Олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметовтың айтуынша, келісімшартсыз жалақы алу мүмкін емес.

«Келісімшарт кез келген салада бар, тек спортта ғана емес. Сол келісімшартқа қол қойылғаннан кейін ғана жалақы төленеді. Мүмкін, кейбір адамдарға шарттар немесе талаптар ұнамауы мүмкін, жалақы аз деп есептеп, қол қоюдан бас тартатын жағдайлар да болуы ықтимал. Бірақ жалпы, контрактсыз жалақы алу деген тәжірибе жоқ», деді ол.

Михаил Шайдоров халықаралық сыйлыққа үміткерлер тізіміне енді

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымовтың сөзінше, мемлекеттік қолдауға ие болу үшін спортшының сол салада еңбегі сіңуі керек.

«Өздеріңіз білесіздер, Олимпиада чемпиондары, жүлдегерлері және әлем чемпиондарына өмір бойғы зейнетақы төленеді. Бұл – мемлекет бекіткен 100 АЕК көлеміндегі төлем. Аталған төлем спортшының спортқа сіңірген еңбегіне байланысты беріледі. Оны алу үшін белгілі бір талаптар да бар, мысалы спорт саласында белгілі уақыт еңбек ету қажет», деді Ермахан Ыбрайымов.

Михаил Шайдоровтың бүгінде Қазақстан спортының көшбасшыларының бірі екенін, елге халықаралық аренада үлкен жеңістер мен танымалдық әкелген спортшы екенін атап өткен чемпиондар заңдық рәсімдердің тезірек аяқтау қажеттігін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Миланда өткен қысқы Олимпиаданың мәнерлеп сырғанаудан чемпионы атанған отандасымыз Михаил Шайдоров бірнеше ай бойы жалақы алмағанын айтқан еді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью